Ой, күнім-ау, ой, дай-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ой, күнім-ау, ой, дай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1212
Келеді жаз мысалы жыл құсымен,
Көктемде мал балалар тұңғышымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.

Серіліп ұйқысынан жайраңдап жас,
Кемпір, шал—о да ойнайды құрбысымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.

Жемдей бер шаппай, желмей кәрі бозды,
Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды.
Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған,
Мінеки, екі аяқтан таяқ озды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері