Ой, қалқа – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ой, қалқа» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1479
Ой, қалқа, әуел алып, әуел алып,
Әркімге көзің сүзіп болма тәліп.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сарғайған зағпырандай мен бір ғарып.

Ой, қалқа, сен бір түлкі бұлаңдаған,
Байыздап бір орында тұра алмаған.
Алыстап ғайып болып бара жатсың,
Асқардай басын көкте мұнарланған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері