Жалқау күрек – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Жалқау күрек» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1818
«Жұмыс жоқ» - деп жатқан.
Тәтті ұйқыға батқан.
Күректі біз бүгін,
Тауып алдық бақтан.

«Тазартылсын жүйек.
Талға да су керек.
Арықты өңдеп, қопсыт,
Ауламызға гүл ек».

Табылды іс, ермек.
Жалқаулықты жеңбек.
Жадырап жүр енді,
Еңбек етіп терлеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері