Қарақшы – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Қарақшы» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2237
Иесі кең өлкенің.
Құтты болсын телпегің!
Саған атты қоймаған,
«Қарақшы» деп ел тегін.

Қауын күнмен егіздей,
Болсын қарбыз өгіздей.
Үркіт келген құстарды,
«Жеп кетіпті» дегізбей.

Ұры жүрсін жасқанып.
Кіргізбе сен басқаны.
Тапжылмастан біз үшін,
Күзет осы бақшаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері