Пайдалы іс – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Пайдалы іс» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2124
Ерте тұрып, қолға алып күректі.
Тазаладық атыз бенен жүйекті.
Қарындасым топырағын қопсытып,
Бізден қалмай шелегіне гүл екті

Баламыз біз тәртіпті де, үлгілі.
Аялайды көктем болып күн нұры.
Әжем айтқан: «Ел есінде қаларлық
Бір пайдалы іс жасау міндет бұл күні».

Болбыр емес, былжыр емес,бекембіз.
Еркелетер әжем сөзі- шекерміз.
Не істейміз,- деп, -Ұлы күні ұлыстың,
Ақылдастық інімізбен екеуміз.

Тал егеміз бойы көкпен таласар.
Жүргіншілер : Кім еккен?,- деп қарасар.
Қаламыздың көшесінде ағаш аз
Сәнді, жарық көшесіне жарасар.

Шыбық ектік, көктеп, өніп, өсе бер
Сылдыраған арық суын кеше бер.
Ұл мен қызға біз ектік деп айтармыз,
- Қандай биік мынау ағаш!, - десе егер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері