Ақылды Айбын – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Ақылды Айбын» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1328
Сүйсінеміз Айбынға,
Жүгірмейді далақтап.
Компьютер алдында,
Отырмайды сағаттап.

Күттірмейді үлкенді,
Сылтау айтпас «қазір» деп.
Сабағын да ертеңгі,
Қояды тез әзірлеп.

Айтып берер тосылмай,
Аңыз, өлең, нақылды...
Барлық бала осындай,
Болса екен ақылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері