Өлең, жыр, ақындар

Солтүстігім...

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1048
Қарағанды,
Қостанай,
Өскеменім,
Қарқаралы басынан
көшкен елім.
Қазақтың қайран жері –
Солтүстігім,
Ойда-жоқта оралдың еске менің.
Жүрегіме қаңтардың
жаттатқаны,
Бұл кеудеме келемін
сақтап та әлі.
Айналайын,
сол сұлу, аруындай
Солтүстіктің тап-таза
аппақ қары.
Өзімді туған екен
Оңтүстігім,
Ғашықтық махаббаттан
жол түсті мың.
Солтүстіктен
бір ару жарым болды
Жүрегімді жылыттың
Солтүстігім.
Дүние сені сүйіп талдым тасып,
Өмірде баз біреулер
орнын басып.
Жүрек те,
біле-білсең сол жағында,
Солтүстікке
Мен содан болдым
ғашық.
Жастық шақ, жас дәуренім тойлап алды,
Жүректі ыстық сезім бойлап алды.
Солтүстік Қазақстан сапарында,
Осындай тәтті қиял ойға оралды.
Бірі ұмтылып, өмірде бірі қалды,
Ақынның өлмейтұғын жыры қалды.
Солтүстіктен көремін Сәтпаевты,
Жинаған академик ұлыларды.
Қашанда қолдайды өмір жол күштіні,
Тілектес Шығыс-Батыс, Оңтүстігі.
Қашаннан абыройы, мерейі үстем,
Жасай бер, Қазағымның Солтүстігі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн мен түн

  • 0
  • 0

Қуандық та қайғы алып,
Жаста болдық жайнадық,
Түнмен жолдас болдым мен,
Күнім досқа айналып.

Толық

Аппақ қырлар аспан берген несібе

  • 0
  • 0

Аппақ қырлар аспан берген несібе,
Мезгілінен жауса дағы кешіге.
Жауды дейсін шежіредей шешіле,
Қыс айының ілескендей көшіне.

Толық

Туған жерім...

  • 0
  • 0

Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым,
Шөл даладан,
Гүл, қалаға айналдың.

Толық

Қарап көріңіз