Маңдайымыз терлемей – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Маңдайымыз терлемей» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2326
Дейміз әркез: байымайды ел неге,
Кілті мұның көктеме, әлде, жерде ме?
Күн көрістен қажып жүрген халқымыз,
Белшесінен батар қашан теңгеге.
Бұл айтқаным қарадүрсе көрінер,
Ырыздығын жейді қашан теріп ел.
Деген сөз бар, адам кері кетерде,
Шөптің басын сындыруға ерінер.
Есіл-дерті ауып кетті базарға,
Ағайынын алдар адам азарда.
Обал-сауап, ар-ұятты ұмытып,
Төрт аяқты малдан болар аз алда.
Әдетім жоқ жұртты сынар бірден кеп,
Кімді айтамыз не боларын білген деп.
Алыпсатар боп кетуі керек пе,
Заманына амал таппай жүрген көп.
Үміт артып беймәлімдеу нарықа,
Қараңғыдан шығамыз ба жарықа?
Жаутаңкөз боп жүру әсте жараспас,
Ары үшін жаньш берген халыққа.
Тегіс жол жоқ - басталады өрден ой,
Кез келе ме көрсететін төрден бой.
Жақсы күндер жеткізбейді біздерге,
Шын еңбекпен маңдайымыз терлемей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері