Махаббат – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Махаббат» атты Айтқали Нәріков‎ жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 15022
Төбемізден төніп тұрған айға ұқсап,
Жас махаббат, пәк жүрекке жай құшақ.
Кейде ләззат шарабына мас қылып,
Кейде жүрсің көңіліме қайғы caп.
Алаулаған арманымды бөктеріп,
Қиялым да дүрмегіңе кетті еріп.
Бұл өмірдің өзім сүйген бір гүлін,
Кейде ұнатып, қалам кейде «жек» көріп.
Сезімімнің аппақ таңы атты шын,
Айдынына жүрек - қалтқы батты шым.
О, махаббат, қолтығымнан демей гөр,
Қарсы алдымнан шыға қалса қатты сын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері