Менің де күнім туады – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің де күнім туады» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2093
Күнім де менің туады,
Төгілер шапақ шуағы.
Түсінбей мені жүргендер
Құшағын ашап тұрады.
Күнім де менің келеді,
Алтынды нұрын төгеді.
Суысып менен жүргендер
Сәлемін ыстық береді.
Болайын тірі, мейлі өлі,
Өшірмес өмір бейнемді.
Жырымды оқып өлмейтін,
Есінде сақтар ел мені.
Қиындық не бір көрсем де,
Азапқа ауыр көнсем де,
Мазаққа ешбір төзбеспін,
Елім деп өлем өлсем де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері