Бұл бетте «Жеңіс пен жеміс» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атана ма бекер Ер,
Ауыр шығар тым, иә?..
Зілтемірді көтерер
Зор иықты Илья.
Күшті әрі қайратты,
Күшенбейді ол, күледі.
Бұлшық еті ойнап тұр,
Білеу-білеу білегі.
Атын естіп әр қиян,
Алақайлап шақырсын.
Болғанымен чемпион,
Балаларға – ақылшы!
Таза ауада қыдырды,
Тағы жасап жаттығу.
Жиі-жиі жүгірді,
Жалқауланған жоқ күні!
Өнеге еді бұл, міне,
Өзімшілдер ұқпады.
Алма бақты көрді де,
Айналсоқтап шықпады...
Қылығы оның қызық-ақ,
Құбылтпайық текке ойды.
...Бір қолымен үзіп ап,
Бес алманы жеп қойды!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі