Анам екеуміз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1902
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.

Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, бөліп, аламыз.

Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.

Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.

Менің анам – жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді

Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер-көктен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анам екеуміз өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Анам екеуміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анам екеуміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анам екеуміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері