Кішкентай кезімнен – Бақыт Исаева

Бұл бетте «Кішкентай кезімнен» атты Бақыт Исаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2344
Мен кішкентай кезімнен,
Көмектесем анама.
Тыңдап айтқан ақылын,
Құямын ой-санама.

Мен кішкентай кезімнен,
Сүйем ана тілімді.
Үйренемін көп нәрсе,
Болу үшін білімді.
Мен кішкентай кезімнен,
Іс атқарам тартымды.
Сіңіремін бойыма,
Ата дәстүр, салтымды.

Мен кішкентай кезімнен,
Құрмет тұтам халқымды.
Үлкейгенде күні ертең,
Шығарамын даңқыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері