Бұл бетте «Әліппе қасиеті» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған тілдің бастауы,
Әріптерден тараған.
Әліппеден ең алғаш,
Білім алған бар адам.
Қолыңдағы әліппе –
Әріптердің тұрағы.
Сенің аты-жөнің де,
Әріптерден тұрады.
Әліппені ашқанда,
Барлық бала қуанған.
Сенің Ана тілің де,
Әріптерден құралған.
Жаза аласың енді сен,
Отан, Ана, Бала деп,
Әліппеден аттама,
Кетсең-дағы дана боп.
Жаза аласың енді сен,
Барлық сөзді дәптерге.
Әліппені үйреткен,
Ұстазыңды қастерле!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі