Мақтаныш – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мақтаныш» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2833
Тақпақ айтам – жаттап ал,
Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым,
Одан ыстық жоқ маған.

Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата-анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.

Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.

Елордасы – Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері