Бұл бетте «Біздің сынып жетекші» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір өзіңіз – панамыз,
Сөзіңізге нанамыз.
Сізбен бірге қосылып,
Білім отын жағамыз.
Әр нәрсені игеріп,
Көп нәрсені үйреніп.
Көргеміз жоқ Сіз барда
Қиындықтан именіп.
Көзіңізде – нұр-ұшқын,
Сөзіңізден сыр ұқтым.
Сіз келесіз әрдайым
Қамқоры боп сыныптың.
Жазуды да меңгердік,
Жақсы оқуға сөз бердік.
Арқасында білімнің
Жер таныдық, ел көрдік.
Толып тұрса ортамыз,
Өссек тағы қанша біз.
Жақсы оқушы атансақ –
Ол да Сіздің арқаңыз.
Ұзақ болсын жасыңыз,
Асулардан асыңыз.
Тұғырынан түспесін
Ұстаз деген атыңыз.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі