Мектебіме – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мектебіме» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4941
Арналсын саған тілектер,
Елжіреп соқсын жүректер.
Ұяңнан ұшты қаншама,
Қанатын қағып түлектер?!

Қызмет етсін елге деп,
Қаншама түлек баптадың?!
Білім мен ойды зерделеп,
Дәстүрді берік сақтадың.

Баршаға бүгін бақ тілеп,
Айтылсын асыл, ақ тілек.
Салтанат құрып түлектер,
Шеруге шықты сап түзеп.

Бейбіт күн орнап елімде,
Жалғаса берсін тойлары.
Желбіреп тұрсын төрімде
Тәуелсіз елдің байрағы.

Сапырған білім тұнығын,
Болсыншы ұзақ ғұмырың!
Асқақтай түсіп мәртебең,
Биіктей берсін тұғырың!

Назарын көптің аудырып,
Білімнің отын жандырып,
Мектебім – білім ордасы
Берік боп тұрсын мәңгілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері