Төрт аяқты болса тауық – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Төрт аяқты болса тауық» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1172
Дəмi ауыздан кетпейтiн,
Етi қандай тауықтың?!
Ал одан да керемет
Сөзi тəттi Сауықтың.
Тауықтың ол отырып,
Екi аяғын жеп алды.
Басын шайқап опынып,
«Əттең, шiркiн!» – деп алды.
Тоймай қалып етiне,
Өзi сонда ойлады:
– Тауық неге шетiнен
Төрт аяқты болмады?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері