Ұя
Бұл бетте «Ұя» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Наурыз келдi, қыс кеттi,
Күн шуағын құяды.
Топ-тобымен құс кептi,
Жасау керек ұяны.
Қызу еңбек, не керек,
Жоқ тыныштық қыстайғы.
Жыл құстарын
Керемет
Сағынғанға ұқсайды.
Балалардың бiреуi –
Берiкбайдың Асаны.
Ол да асығып жүр едi,
Əсем үйшiк жасады.
Үйшiк бiреу – iлуде,
Жасағанын жасады.
Ағашқа оны iлуге:
– Қорқамын, – деп қашады.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі