Мамыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мамыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1850
Бұл күнде нұрлы аспаны
Көрсең ғой көркем қаланы!
Туған ел тойын бастады,
Басталды мамыр парады!
Желбiреп тулар сан қилы,
Шалқыды көкке от өрiп.
Самсаған шарлар қалқиды,
Кетердей жердi көтерiп.
Көктемнiң күмiс жаңбыры
Тазалап кеткен көшеде,
Шырқалды бақыт əн-жыры,
Төгiлдi күйлер нешеме.
Көшенi кернеп барады,
Еңбек пен теңдiк, туыстық.
Қабылдап тұрды парадты:
Бейбiтшiлiк пен
Тыныштық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері