Алшы

Бұл бетте «Алшы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2968
Ақ кимешек басында,
Ақ ниеттi сөзi де.
Аппақ едi шашы да,
Ақ қағаздай өзi де.
Əжем бiзге жекiрiп,
Көрмептi ғой əлiге.
Пияздай боп отырып,
Шертетұғын əңгiме.
Ыңғай маған жақтасып,
Арашаға түседi.
Ұрысса жұртпен даттасып,
Жаны күйiп-пiседi,
Əжем күллi адамды
Мүсiркейтiн жаны ашып.
Кейде сұрап сақамды
Отырады бал ашып.
– Менiң күнiм, жарқыным,
Сүре ме өмiр бақытты?
Өстiп өзi əр күнi
Өткiзедi уақытты.
– Болар ма екен қарағым
Шалқып жатқан дəулеттi.
Алды болып баланың
Абыройлы, əулеттi.
Алшы тұрсаң, асылым
Бақытты өмiр сүредi...
Алшы тұрса асығым,
Нұрланады, күледi.
Шаттанады нұр шашып,
Сəуле ойнайды көзiнде,
«Ыңғай алшы тұрсашы», –
Деп тiлеймiн өзiм де.
Тұрсың ылғи дедiм де
Алшыға əуес болғасын,
Тəйке жағын тестiм де,
Құйып қойдым қорғасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алшы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Алшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері