Менің арманым – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Менің арманым» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2823
Асық атып,
Доп қуған.
Қалды менен ойындар.
Нағыз батыр боп туған,
Ер атанбақ ойым бар.
«Пайда жоқ қой, одан», – деп,
Тастап қысыр ойынды,
«Батыр бала болам», – деп,
Түйдiм өзiм ойымды.
Қойдым лəңгi тебудi,
Қойдым асық атуды,
Доп та ойнай берудi,
Жайбарақат жатуды.
«Жүрсiн елдер таң қалып,
Жүрем елден ерек боп» –
Деп бекiндiм, қамданып,
«Ерлiк жасау керек», – деп.
Мың отырып,
Мың тұрып,
Алдым əбден шынығып.
Ертелi-кеш жүгiрiп,
Суға жүздiм құнығып.
«Ендi, мiне, жеттi», –деп,
Ерлiк жасар кезең де.
Таң ата сап кеттiм де,
Бардым үлкен өзенге.
«Суға батқан бiреудi-ақ
Аңдып, бағып тұрайын.
«Құтқар», – десе дереу-ақ,
Жүзiп алып, шығайын».
Кездiм бойын өзеннiң,
Ешкiм:
«Құтқар» демедi.
Ерлiк жасар кезеңнiң
Бiр ретi келмедi.
Күнде ертемен барамын,
Бойын кезiп жағаның.
Батқан жоқ па?
Қарадым,
Ерлiк жасар баламын.
Құтқарғам жоқ, алайда,
Күте-күте шаршадым.
Қайткен күнде,
Қалайда,
Ерлiк жасау аңсарым.
Аңдып өзен бойында
Əлi күнге жүрмiн мен.
Ерлiк жасау ойымда –
Қиын бiрақ, бiлдiм мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің арманым өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Менің арманым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің арманым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің арманым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері