Бұл бетте «Шаңғы жол» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екi аяқта – шаңғымыз,
Сайрап жатыр жолымыз.
Мидай дала – алдымыз,
Шиырлаймыз оны бiз.
Тырнадай боп тiзiлiп,
Жазыққа енiп кетемiз.
Аппақ қарда қызынып,
Көршi ауылға жетемiз.
Бұрқ-бұрқ етiп буымыз,
Ыстықтаймыз жарыста.
Даурығысқан шуымыз,
Естiледi алысқа.
Құлай-құлай
Ақ қарға
Толып қойын, қалтамыз,
Күле-күле ақпанда,
Шаңғы теуiп қайтамыз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі