Өлең, жыр, ақындар

Менің құлыншағым

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2160
Мен алтыға келгенде,
Құлын тапты биемiз.
Қорада оны көргенде,
Мəз-мейрам боп жүремiз.
Өзi сондай сүйкiмдi,
Ойыншықтай мендегi.
Келтiредi күлкiңдi,
Мамасын кеп емгенi.
Кеше көрсем қорада
Ойнақтап жүр, қызық-ай!
Мұндай құлын бола ма,
Сирағының ұзыны-ай!
Дедi атам: – Бұл құлын
Саған атар бəсiрем.
Сен өскенше жылқының
Тұлпары етiп өсiрем!..
Мен шыққалы жетiге,
Тура, мiне, ай болды.
Құлын шығып «екiге»
Асыр салған тай болды.
Бұрынғыдай емес те,
Жанынан жай өтесiң.
Қарап тұрсаң көресiң,
Ойнақтаудың «көкесiн».
Атам əлгi қасқаны
Қорада ұстап алды да,
Күзеп-күзеп тастады
Құйрығын да, жалын да.
Ертiп келiп көршiнi,
«Ұры тiсiн» қақтырды.
Ауырсынып қалды ма,
Орынынан шақ тұрды...
Сегiздемiн, мiне, мен,
Тай есейдi құнан боп.
Үйреттi өзiн күнiмен
Ерттедi де, жүгендеп.
Атам əлгi қасқаны,
Ұстап алып жуықта,
Жалын күзеп тастады,
Тимедi ендi құйрыққа.
Ер салғанға үйрендi,
Кəдiмгiдей жуасып.
Той боларын бiлгенде,
Суытамыз түн асып.
Құнан жарыс болғанда,
Ағам мiнiп шабады.
Кейде бəйге алады,
Кейде артында қалады...
Бiлiмге сермеп құлашты,
Тоғызға да жеттiм ғой.
Бiтiрiп бiр класты,
«Үшiншiге» өттiм ғой.
Құнанымыз дөнен боп,
О да бiздей есейдi.
Бойшаң, биiк менен көп,
Құнан емес кешегi.
Сауырынан келемiн,
Тұрсам оның жанында.
Күземедi дөненнiң
Биыл құйрық, жалын да.
Атам мiнiп көкпарға,
«Ұшқыр-ақ», – деп мақтайды.
Үстiн жуып тарарда,
Бойынан мiн таппайды.
Атам рұқсат бергенде,
Кейде атқа мiнемiн.
Ауыл шарлап келгенде,
Желдiрем де жүремiн...
Бiр жыл өттi. «Ондамын».
Қалдың дейдi естi боп.
Толып дене бой жағы,
Дөнен өстi бестi боп.
Шаң iлеспес артына,
Жүйрiк болды əйгiлi.
Сан шабысқа барды да,
Алды талай бəйгенi.
Дейдi атам:
– Бұл «бестi»
Алдына ат салмайды.
Сен де оқуда бол естi,
Басып оз да талайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс күні

  • 0
  • 3

Мəңгi шықпас ел есiнен,
Жеңiстiң көрем бейнесiн мен,
Орденге толы, медальға толы
Əкелердiң кеудесiнен,

Толық

Аққала

  • 0
  • 0

Бойыма шақ қана,
Қаладым аққала.
Қуансын қосыла,
Жүгiрдiм досыма.

Толық

Қақпашы

  • 0
  • 0

Қақпашы Тоқпай,
Мықты ешкiм жоқтай,
Секiрдi келiп,
Жел үрген доптай.

Толық

Қарап көріңіз