Орашолақ – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Орашолақ» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1370
Мынау бiздiң Доңқабақ
Шеберлiгi ұстады.
Дəу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.
Əдемiлеп,
Сүйiрлеп,
Шығармақшы ұшын ол.
Терлеп-тепшiп, күбiрлеп
Берiлiптi iсiне ол.
Ендi ұштала бергенде,
Ұшы бырт-бырт сынады.
Ызақорын көрдiң бе:
– Өтпейдi, – деп жылады.
Əй, шебер боп жарытпас,
Қолын кесiп алыпты.
Сына-сына қарындаш,
Бiр тұтам боп қалыпты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері