Жазда неге түн қысқарады? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жазда неге түн қысқарады?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4393
«Жазда неге түн қысқа,
Керiсiнше күн ұзақ?
Қыста неге күн қысқа,
Керiсiнше түн ұзақ?..»
Сұрақ қойдың сен маған
Шым-шытырық осындай.
Жауап бердiм мен саған,
Сол заматта тосылмай.
Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңiлi талапты
Қалсын дедiм жұбанып:
– Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы,
Айналаңа зер салғын.
Қызған ойын базары,
Күн де жылы,
Жер – шалғын.
Келдi, мiне, каникул
«Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ».
Жаз жақсы емей,
Кəнiки –
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.
Келетiн қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түндi əдейi ұзартып,
Күндi ерте батырды.
«Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, – деп, – сабақты».
Ызғар шашып бойынан,
Түйедi ол қабақты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазда неге түн қысқарады? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жазда неге түн қысқарады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазда неге түн қысқарады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазда неге түн қысқарады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері