Алма бақ – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Алма бақ» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2467
Ерте көктемде
Ерлеген – бiз.
Алма ағаш егiп,
Терлегенбiз.
Суарып,
Баптап,
Бағайық деп,
Шырын алмасын
Қағайық деп,
Жеген адамның
Қаны толсын деп,
Туған өлкенiң
Сəнi келсiн деп...
Ағаштар өсiп,
Алма бақ болды.
Өздерi де бiр
Əмбебап болды.
Жаз бенен қыста,
Көктемде,
Күзде,
Əр алма ағаш
Айдала, түзде,
Бораған қарда,
Желдiң өтiнде,
Бiз алма жесiн деп,
Еңбек етуде.
Көзге қуаныш –
Алма бақ сəндi.
Оның алмасындай
Алма жоқ дəмдi.
– Алма табатын
Жұмысшы бiз, – деп,
Күнi-түнi жатыр
Жұмысын iстеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алма бақ өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Алма бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алма бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алма бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері