Күншіл – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Күншіл» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1043
Бiздiң Есет есiрiк,
Жақтырмайды Қанатты.
«Күндiз-түнi тесiлiп,
Оқиды, – деп, – сабақты».
Бар баққаны бiр солдай,
Өшiн алар Қанаттан, –
«Бала болып бұл қалай,
Қашпайды, – деп, – сабақтан?»
Ту сыртынан даттайды,
Кiжiнедi тұрып ап:
«Ең құрыса шықпайды,
Ойнауға да бiр уақ», –
Дейдi тағы өшiгiп:
«Пысық қылып жаратқан,
Бiз құсап та кешiгiп,
Қалмайды екен сабақтан?»
Миғұла ма, бiлмен мен,
Көз ашпайды ол таяқтан.
Күнi өткенше күндеумен
Үлгi алсашы Қанаттан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері