Бірінші қар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2410
Керiлiп барып таң атты,
Ерiнiп барып таң атты.
Бiр-ақ түннiң iшiнде
Қар жауып қапты алапты.
Далаға шыққан апам да,
Аптыға келдi атама:
«Тұрсаңшы, – дейдi, –
Қар жауды,
Жайғастыр ана мал-жайды».
Қуанып жатыр барлығы,
Қар болғандай байлығы,
«Қалың боп түскен, – деседi,
Басып қапты көшенi».
«Тазарып ауа қалды», – деп,
«Қолға ұстау керек малды», – деп,
Ырду-да-дырду – үй iшi
Даурығысады бəрi кеп.
Аңға шықпақ бiреуi,
Алаша қақпақ бiреуi.
Əрi-сəрi барлығы
Аспаннан түсiп тiлеуi.
Ал, менiң жатқан бүгiлiп,
Қабағым қалды түйiлiп.
Жатырмын iштей күйiнiп,
Булығып, ашу тығылып.
«Қар жауғаны, əрине,
Сендердiң жақсы бəрiңе», –
Деп қоямын iшiмнен,
Көрпемдi серпiп əрiге.
Орнымнан тұрып жатырмын,
«Құрсын, – деп, қардың бүйткенi».
... Есiктiң алдын,
Қора үстiн,
Күрейтiн менмiн, үйткенi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірінші қар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Бірінші қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бірінші қар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірінші қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері