Мен неге мінбедім? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мен неге мінбедім?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1007
Отыр Өкен есептеп,
Бөлiп жүйе-жүйеге:
«Мiнiп көрдiм есекке,
Мiнiп көрдiм түйеге.
Атты қойшы, ол оңай,
Оған кiмдер мiнбеген?
Автобус та дəл солай,
Онымен кiм жүрмеген?»
Поезд мiндi, құштары
Тарап қала барғанда.
«Ұшақпенен» ұшпадым
Əлi бiр», – деп арманда.
Көкке жетiп қиялы,
Ол армандап жүргенде,
Жұрт алдында ұялып,
Қалатынын бiлген бе?
«Екiсiн» жою қажет, – деп,
Суретiн сап бiр қызық,
Қойыпты оны газетте
Тасбақаға мiнгiзiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері