Өлең, жыр, ақындар

Ерлікті кім жасаған?

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2514
Бiз қашаннан тек жүр ек:
«Қайсысымыз батырмыз,
Қайсысымыз ер жүрек?» –
Деп дауласып жатырмыз.
Мұндайда кiм тартынбақ,
Айтылатын жер бүгiн.
Айтып жатыр əркiм-ақ
Бастан өткен ерлiгiн.
Мараттың бiр жасаған
Ерлiгi бар анада.
Каникулға тараған,
Жаз шығатын шамада.
Атасына болысып,
Жүретiн-дi қой бағып.
Итiменен алысып,
Қалған екен алданып.
Қойға қасқыр шауыпты,
Шыға келiп бүйiрден.
Жыртқыш қой ол қауiптi
Бiр қапталдан шүйiлген.
Марат атқа мiне сап,
Тура шапқан қасқырға.
Тұра қашқан бiле қап,
Ол албасты басқыр да.
Бiрге iлесiп қалмаған,
Ит те қуған «айт» десе.
Əттең, жете алмаған,
Əйтпесе ғой, əйтпесе!..
«Қора қойды қасқырға
Алдырмауы батырлық.
Жыртқышты бiр састырған,
Ерлiкке бұл татырлық».
Кезектегi ендiгi
Бойы биiк бөлекше,
Батырханның ерлiгi
Бұдан гөрi ерекше.
Атасы мен анасы
Барарында қонаққа,
Үйде жалғыз қалады,
Дайындалып сабаққа.
Түннiң орта кезiнде
Олар үйге қайтады.
Ал ол соның өзiнде
Қорықпастан жатады.
«Үйде жалғыз қалғаны,
Атына сай батырлық.
Жүрек жұтқан болғаны
Ерлiкке бұл татырлық...»
Ал Асхат ше, қасапшы
Əкесiне болысқан,
Қолғабыс та жасапты,
Қаншама қой сойысқан.
Тiреуге асып, байлап ап,
Еппен iрей бастапты.
Мүшелеп боп, жаймалап,
Тұз да сеуiп тастапты.
«Қорықпай қой сойғаны, –
Дедiк, – Нағыз батырлық».
Жүректiлiк сол-дағы,
Ерлiкке бұл татырлық.
«Кiм, кiм ерлiк жасады?» –
Деп отырмыз əлi бiз.
Тыңдағанда Асанды
«Ер ғой», – дедiк бəрiмiз.
Жаз бойы үй салғалы
Бес мың кiрпiш құйыпты.
Тез кепсiн деп бəр-бəрi,
Сатылып ол үйiптi.
«Жаз жұмыспен алысқан,
Iсiн адам сүйерлiк.
Үй iшiне болысқан,
Бұл да ерлiк, шын ерлiк».
Ал Бақыттан балалар
Үлкен ерлiк күткен бе?
Ол төбеттен қабаған
Қаймықпапты тiптен де.
Оны көрсе ит деген
Шықпас үйшiк түбiнен.
Қорқады екен «тит» деген
Сүрепетi, түрiнен.
Ал Жақанның айтқаны,
Ерлiк емес, есерлiк.
Ешкiмге де ол жақпады,
Қылығы оғаш десерлiк.
Көршiсiнiң бақшасын
Күнiменен бағыпты.
Қарайып күн батқасын,
Жемiстерiн қағыпты.
Тыңдаушылар саспадық,
Жүректi деп қарамай.
Батыл айтып тастадық,
Батырлыққа санамай...
Жүрексiнiп аса тым
Есен айтта ақырын:
«Операция жасаттым,
Iсi ме ол батырдың?»
Соқырiшек болғанда,
Дəрiгерге ол барыпты.
Iшiп жарып сойған да,
Iшегiн кесiп алыпты.
Бұл ерлiк пе, емес пе,
Бiлмей қалдық бəрiмiз.
Алған сайын соны еске,
Дал боп жүрмiз əлi бiз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау

  • 0
  • 0

О бастан-ақ жарасып
Тұрған тұлға, реңi.
Алатауды қарашы –
Алматының кiлемi!

Толық

Мөңірек құлын

  • 0
  • 0

Ертек тыңда бөлекше
Сұмдық қызық бұл дейтiн.
Құлын жайлы ол ерекше,
Кiсiнеудi бiлмейтiн.

Толық

Ала бас!

  • 0
  • 0

– Ауыртады! –
Деп жуытпай шашына,
Ұстарамен алдырмай,
Қидырар тек қайшыға.

Толық

Қарап көріңіз