Бұл бетте «Бала ойы» атты Ескен Елубаев жазған бала туралы өлең берілген.
Мезгiл келiп жеткенде
Сыбызғылы, сырнайлы,
Күн мейiрiн төккенде,
Бозторғайлар жырлайды.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердiң алабы,
Қызғалдаққа көмiлiп,
Көздiң жауын алады.
Жайнап тұрған түз жаққа,
Көзiм тоймай қараймын.
Əсемдiктiң ұзаққа
Созылуын қалаймын.
Көкейдегi тiлегiм:
Шөбiн шаппай тұрғанда,
Жайып дала кiлемiн,
Салтанатын құрғанда,
Шартараптан келiмдi
Көп кiсiлер келсейшi.
Менiң туған жерiмдi
Осы кезде көрсейшi.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі