Өзендер
Бұл бетте «Өзендер» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мыңбай Ілесовке
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан,
Ағып-ағып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп елуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса,
Теңізге ағып баруға мүмкіндігін болмаса.
крута күшті бұл өлең мен бірінші орын алам
Өте керемет өлеңдер
керемет
Керемет
Керемет
Жақсы шыққан көңілімнен шықты
Ертеңгі жастарға үлгі ❇❇
Керемет
Креремет өлеңдер маған қатты ұнады
керемет олен мен осы оленмен жарыска бара жатырмын
Мен гробка жатканда осв оленды шыгардым)