Бұл бетте «Қазан» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
12.04.2020
0
0
1979
Қауын-қарбыз
қазан болып,
Бау-бақшаның түстi ажары.
Қырман басы
Тазаланып,
Тарқап кеттi құс базары.
Бүрсең қағып
жапырақтар,
Көше кезiп көшiп жатыр.
Тыныш қалған
атыраптар.
Аппақ қарды тосып жатыр.
Жер бетiне
суық орнап,
Жиналды бұлт жан-жақтағы.
Балалар жүр
қуып ойнап,
Қарабарақ, қаңбақтарды...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі