Жұман біздің жасасын!

Бұл бетте «Жұман біздің жасасын!» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1507
Күн жайдары жаз едi,
Қайғымыз жоқ басқадай.
Ауыл маңы саз едi,
Ортасында тоспа бар.
Сонда өтедi күнiмiз,
Күнесiмес шашымыз.
Жаман емес күйiмiз,
Көңiлдi əрбiр жазымыз.
Болса-дағы күлкiлi,
Айта алмаймыз жалған бiз.
Бəрiмiз де бұл күнi,
Моншашыл боп алғанбыз.
Апамызға барамыз
Ұрысса да соншама.
Жылап тұрып аламыз,
«Тиын бер» – деп моншаға.
Қайткен күнде тиынды
Алатынын аламыз.
Моншаға емес, жиылып
Тоспа жаққа барамыз.
Ол тиынды моншаға
Жұмсар кiмбiз сонша бiз?
Шомыламыз тоспаға,
Тоспа – бiздiң моншамыз.
Тиыныңа өз еркiң.
Тəттi кəмпит алсаң да,
Ешкiм де жоқ сезетiн,
Кино жаққа барсаң да.
Бiлiп қойып бiр күнi
Бергенше үйi жазасын,
Ойлап тапқан осыны
Жұман бiздiң жасасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұман біздің жасасын! өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жұман біздің жасасын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұман біздің жасасын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұман біздің жасасын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері