Ұйқысырау – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Ұйқысырау» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1400
Əлі есімде...
Жел үйірген қоқыс ішінен ұшқан тарғыл шүберек
Ауыл үстін айналып жүріп
кетеуі кеткен ескі бағанаға ілінді.
Содан бастап, тарғыл түс- ұранға айналды
Тарғыл шүберек- жалауға айналды
Ескілік- беріктік мәніне ауысты
Бағана- қасиетті ағашқа айналды

Мен де бəрі секілді бұған құлай сендім.

Биіктікті батпырауығым жеткен жермен,
Тереңдікті құдық түбіне лақтырылған таспен өлшедім.
Құдірет туралы ашық айтудан қорықтым,
Кейін, ашық айтпаудың құдірет екенін түсіндім.
Жылап аққан қанның өзінен Оған тəн реңді іздедім.
Кейін, Құдайды қарғаған шешем дауысынан селк етіп ояндым...

Жоқ, бұл менің түсім екен деймін.

Терезе түбінде азан даусы ұйып тұр,
Иə, əлбетте!
Естімек үшін терезе ашуға ұмтыламын,
Сайтан алғыр!
Ылғи да құдайсыз кітаптарға сүрініп кетемін.

Жоқ, бұл менің түсім емес деймін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысырау өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері