Сен дегенде
Бұл бетте «Сен дегенде» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен дегенде қызғалдақтай жайнадым,
Айлы түнде өзің жайлы ойладым.
Көрмедің.
Бұлбұл құстай бақшаларда сайрадым,
Сезімімнің ай қалқыды қаймағын.
Көрмедің.
Көздерімді жылылыққа толтырып
Жырлар жаздым елестетіп шолпыны.
Көрмедің.
Шілдедегі судай болып қайнадым
Ошақтағы оттай болып лауладым.
Көрмедің.
Алыстардан жеттім саған сағына
Құшақ ашып келдім тағы жаныңа
Көрмедің.
Суықтығың мұң толтырып жылатты
Сезінбедім сенен ешбір шуақты.
Хош, не қайыр,
Сен оны да көрмедің...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі