Менен соң – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Менен соң» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 973
Егер арман құс жетпейтін тау болса,
Ерлік қылам шыңдарына бармаған.
Сол шыңдардан не күтеді деме сен
Онда дүние тар маған.
Егер арман тау да болмай, жол болса,
Ұзақ жолға жолаушылап шығар ем.
Әлім құрып, аяқтарым талғанша
Жүгірер ем, жетіп алып құлар ем.
Пенде келер бұл өмірге арманмен,
Әр жанның да арман-мұңы болады.
Жалған дүние шынымен де жалған дер
Өлгеннен соң тек өз жолың қалады.
Қалар жолдар, қалар жырлар артымда,
Ақын болып туғаным да бекер ме?!
Жарқылдасаң, тірлігіңде жарқылда
Жырың қалсын-таңдайларда шекердей...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері