Түс – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Түс» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 768
Түс көрдім, аянышты әрі мұң,
Кезіп келем Дағыстанның даңғылын.
Аршып алып ақ қайыңның қабығын
Әлем бізге таратқандай таң нұрын.
Бір жас жігіт жатыр терек түбінде,
Ақ көйлегі қызыл қанға боялған.
Жалынышты сөздері бар үнінде
Қолымен қара жерді таянған.
Жақын келіп жанарына үңілдім,
Сол бір сәтте шалынысып сүріндім.
Қолым создым жас жігітке дем бере,
Қанның исі.Тәтті әрі ащы екенін ұғындым.
Саулап аққан қанын тыйып байладым,
Саусағымды денесіне тигізіп.
Жарақатын таңып жатып ойладым:
Жатыр ма екен, бұл жігіт те түсінде
Алтын жүзік
Сүйгенінің саусағына кигізіп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері