Жүрегім жырлашы – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Жүрегім жырлашы» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 928
Мың толғанып, жүз ойлап,
Қиялыма жыр келер.
Мың толғанып, жүз ойлап
Қиялымда жыр да өлер.
Күндерім, ох күндерім,
Түндерімді күндейді.
Күндіз жырлар жазбасам
Түндер көзін ілмейді.
Саусақтарды мүйіздеп,
Сөздер судай ағады.
Жоғалғанды ми іздеп
Шаршап, талып табады.
Түнім келсе жұлдызды,
Жырдың шамын жағамын.
Кадрия атты бір қызды
Жыр да іздеп табады.
Тәтті, балдай сөздерім,
Сол түндердің ішінде.
Қуанышым, сезгенім
Аялайды түсімде.
Ферузадай күрсіне,
Ай қарайды төбемде.
Жасайын мен құлшылық
Өнеріме-өлеңде.
Жырлай берші, жүрегім,
Сенен соны сұраймын.
Жырымменен күлемін
Жырымменен жылаймын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері