Тұманды көл
Бұл бетте «Тұманды көл» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұманды көл, тұманды көл,
Тұманыңды жырлайын.
Түбіңдегі сырларыңды
Маған айтшы, тыңдайын.
Сен тұманға оранғандай,
Бұлдыр-бұлдыр бейнесің.
Тұманды көл! Тұмандардың
Кигенің бе жейдесін.
Тұманды көл тұманыңмен,
Маған әбден ұнайсың.
Суың мөлдір сырға толы
Кімнен сырды сұрайсың?
Тұмандарың бұлтқа жетіп,
Тауларды да айналсын.
Тұман-сырың алыс кетіп
Тұман болып ойлансын.
Тұманды көл, тұманды көл,
Мүмкін сенің тұман жаның?
Сабырлығың неткен ғажап
Мен сені ұға алмадым.
Тұманды көл сол тұманға,
Сен басыңды иіпсің.
Қоршаса да қалың тұман
Сен тұманнан биіксің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі