Қаратаудағы петроглифтер* – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Қаратаудағы петроглифтер*» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1740
*тасқа қашалған суреттер

Өткенің маған бұлыңғыр,
Сырыңды айт, бәрін маған айт.
Отыз бес ғасыр бұрынғы,
Ойран боп кеткен қаланы айт.

Жер тектес қадым ғұмырлы,
Жартастың жұмбақ сырын айт.
Отыз бес ғасыр бұрынғы,
Бабаларымыздың жырын айт.

Үш мыңдай сурет ... тұр көк шың,
Күзетіп сонша жасақты.
Неліктен салды суретшің,
Арбаға жеккен қос атты?

Қимастан ұзақ қарадым,
Қыздырды кенет денемді ой:
«Сәйгүлік қуған Даланың,
Ұландарымыз» деген ғой.

Көңілімді, баба, қозғадың,
Әсерсіз өнер өнер ме?
Сәйгүлік қуған өз қаның,
Ойнақшып тұрды денемде.

Ғасырым бөлек, басқа кез,
Ырғағы бөлек тоқ жырдың.
Атымды бірақ тасқа емес,
Жүрекке жазсам деп жүрмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаратаудағы петроглифтер* өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Қаратаудағы петроглифтер* өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаратаудағы петроглифтер* өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаратаудағы петроглифтер* өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері