Оралу – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Оралу» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мойынқұмдағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішін ашардағы сөз

Нақ төрінен мәңгі итжығыс түсіп жатқан майданның,
Жігеріңмен көктеп өтіп,
Ұлт мүддесін шекпен етіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп
Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!
Жетекке алып саналы арман,
Бүршігіңді жаңа жарған шағында,
Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында
Мойынқұмның топырағын қайта бастың кемелдеп,
Ара жігін ерлік пенен ездіктің
Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.
Қиын сәтте жалау еткен намысың,
Даңқын ассың, қайсар ұлан, жанын қиған ар үшін.
Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,
Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың, арысым!


Пікірлер (4)

керемет

керемет

Бидаулетова И

Бірінші рет оқып отырмын Өте қатты ұнады

Ақбота

Тамаша өлең екен

Ақбота

Тамаша өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралу өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Оралу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері