Бұл бетте «Тау қойнауы» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Тау гүлінің аңқығанда жұпары,
Танау, байғұс, тамсанып бір жұтады.
Тас үйлерден шыға келген теліге,
Таң болып тұр тырбиған әр бұтағы.
Тау өзені тастан-тасқа сарқырап,
Таусылмайтын жатқандай бір ән құрап.
Тәтті-тәтті қарақат пен бүлдірген,
Тамсанып бір жесең, балдан артық-ақ.
Тура үстін қоқыс еткен бірақ, кім,
Тұма көзін аштым қунақ бұлақтың.
Тулап ағып, сылдырлады күміс су,
Тазаладым, дәмін таттым, ұнаттым.
Таусылмайтын шежіредей кәрі екен,
Тау қойнауы – тәніңе бір дәрі екен.
Терең ойға батып қайттым, бірақ та,
Тарихымда талай тылсым бар екен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі