Кейде ойлаймын

Бұл бетте «Кейде ойлаймын» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 1
  • 8532
Кейде ойлаймын,
Шынымен мен өмірде бар шығармын,
Жапырақ,
Топырақ па,
тамшылардың,
Бәлкім, бірі шығармын, жо-жоқ, әлде,
Жай ғана кітаптағы жан шығармын.
Жабыққан, жан шығармын, жаңылысқан,
Үміттен,
армандардан,
сағыныштан,
Тұратын өне бойы өмірқұмар,
Мұратын әр ғасырға алып ұшқан.
Құдай-ау, бір шексіздік ой дегенің,
Жүргенім, қарағаным, сөйлегенім,
Шынға ұқсап кетеді, сеніп қалып,
Ғашық болғым келеді кейде менің.
Жоқ, әлде құс па екенмін, гүл ме екенмін,
Өзіме бір таныспын, бір бөтенмін.
Арудың түсіндегі бейне ме екем,
Жарымның ішіндегі мұң ба екенмін.
Мен осы бар шығармын бұл өмірде,
Сонау бір түкпірінде, түнегінде,
Арудың мөлт еттім бе жанарында,
Жарымның лүп еттім бе жүрегінде?
Қоғамның бар шығармын есебінде,
Кезегінде... не жыл, неше күнге...
Өмір сүргім келеді кейде менің,
Шынымен бар шығармын осы өмірде?!.
Мұңлықтар,
әулиелердің,
жолшылардың,
Арманын аппақ-аппақ аршып алғым,
Келеді,
ей, адамдар,
айтшы маған,
Мен осы бұл өмірде бар шығармын?!
Білмеймін, қайдан келгем, қайда болғам,
Салдым ба күнге сарай, айға қорған?!
...Мүмкін, ақын шығармын, кім біледі,
Дүние күрсінгенде пайда болған!?.


Пікірлер (1)

Менің есімімен қасиет мен 6сыны оқимын

Маған бұл өлен өтті керемет әзер қалдырды мен бұндай өленді бірінші рет көрдім өтте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде ойлаймын өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Кейде ойлаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде ойлаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде ойлаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері