Тарысы бар аймақтың – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Тарысы бар аймақтың» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Даттайды екен бір кінәңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.
Көздер барда қадалатын тамсана
Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз.
Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да,
Нақ сол адам ажарсыз.
Жабырқама,
Беліңді жаз бүгілген.
Еңкеймесін ер жігіттің атағы,
Ол солай ғой,
Түймедей бір мініңнен
Бәз біреулер түйе жасап жатады.
Мойыма дос.
Неге әлсіздік байқаттың,
Тарылмасын көңіліңнің қойнауы.
Ойлашы өзің,
Тарысы бар аймақтың
Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?


Пікірлер (1)

Кәусар

Өте керемет тамаша Мұхтар Шаханов атамыз өте ақылды☝

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері