Үйде бол
Бұл бетте «Үйде бол» атты Асқар Дүйсенбі жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазатайым жығылғысы келер дейсің орға кім?
Сезінбесең секем алмай сыртқы жауды, сорладың.
Қабырғаң дүр болғанымен, қоғамың бір – бауырым,
Үйден шықпа, елді сақта!
Үй қазіргі – ҚОРҒАНЫҢ!
Кембағал да кешіп жатыр, байбалам сап бай да мұң,
Еуропа, Азия да таппай бірін айланың.
Өзіңе де, өзгеге де көмегің сол – бауырым,
Үйден шықпа, елді сақта!
Үй қазіргі – ЖАЙЛАУЫҢ!
Қабыл ал да риза бол, Жаратқанның сынағын,
Елге түскен өтер бастан сәл шыдасаң, мына күн!
Ошақ бөлек болғанымен, Отан ортақ – бауырлар,
Үйден шықпа, елді сақта!
Үй қазіргі – ЖҰМАҒЫҢ!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі