Жер мен Көктей таныдым ба алыпты?
- 0
- 0
Жер мен Көктей таныдым ба алыпты?
Кеудемдегі сүйемін бе жарықты?
Ізгілікте бар ма менің үлесім?
Кім жеңеді кереғарлық күресін?
Бұл бетте «Ауадан, гүлден» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер мен Көктей таныдым ба алыпты?
Кеудемдегі сүйемін бе жарықты?
Ізгілікте бар ма менің үлесім?
Кім жеңеді кереғарлық күресін?
Мынау ғалам арылсын деп күнәдан,
Аспанға ұқсап,
Ағыл-тегіл жылаған.
Арашалап алғаусыздау үмітін,
Жас көрдім деп ұшынан жанарымның.
Халім сұрап, қайтесің?!
Жаралымын!
Жұлым-жұлым жүректі қолына ұстап,
Мен кейде ұқсап кетем жарық күнге,
Сүйер болсам, сүйемін жанып мүлде.
Мынау жақсы, жаман деп алаламай,
Жанымды жайып салам самаладай.
Іздеген кім,
ол күндердің дерегін.
Естілмейді ерке күлкім,
ерек үн.
Бір ғаламат бар секілді,
Сен тұратын ауылда.
Сол өлкеде күн де нұрлы,
Ғажап, тіптен, дауыл да.
Тоқынның өлеңдері әй бір керім!!! Жаза бер!
Тамаша!!!!