Жас көрдім деп ұшынан жанарымның –
Толқын Қабылша
Бұл бетте «Жас көрдім деп ұшынан жанарымның» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас көрдім деп ұшынан жанарымның.
Халім сұрап, қайтесің?!
Жаралымын!
Жұлым-жұлым жүректі қолына ұстап,
Күлімдемек болады тән-алыбым.
Жанның дертін емдейтін кім бар, сірә?!
Бақытым да, сорым да бір басымда
Қылбырауға түссе де, үзілмеген,
Жапырақтай жаным тұр шың басында.
Адалдық қой, тәрк етпес құс ұясын.
«Нәзіксің» деп несіне жымиясың?!
Тәңір сүйген жүректің лүпіліндей,
Ұға алмайсың, жанымның құпиясын.
Болса дағы сәттерім,көп түңілген,
-Халім сұрап,
Қайтесің, күпті күннен.
Теперішін жазмыштың сілкіп тастап,
Тіл қататын тағдырға,
Мықтымын мен!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі