Заманның мұңы — бар мұңым – Толқын Қабылша

Бұл бетте «Заманның мұңы — бар мұңым» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1902
Жалаңаш қоғам келбетін,
Жасыра алмас шымылдық.
Жетім мұң кезсе жер бетін,
Жезөкшелері мұрындық.
Жартыкеш байдың бір күні,
Жалғанды телір жұмаққа.
Жарлының жарым тірлігі,
Жанпида үні құлақта.
Жесірі желпіп етегін,
Желменен желкен ашылып.
Жан емес тәнде жетегім,
Жарымес нәпсі бас ұрып.
Жаутаңдап көзі мұңлықтар,
Жетімек тағдыр құн сұрар.
Жасыра алмас шындыққа,
Жалғыздық дейтін сыншы бар.
Жазмыш па осы ,жарық күн?!
Заманның мұңы – бар мұңым.
Жансауға сұрап жалықтым,
Жахандануда тағдырым.
Жырақта, желдің өтінде..
Жаратқанына сиынып.
Жаяды үнсіз саусағын,
Жансебіл болған бір үміт.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері